Барлық жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ ТҮРЛІ ЛАУАЗЫМДАРДА ҚЫЗМЕТ ІСТЕЙДІ

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығықызметінің мәні: ғылым, экономика, журналистика, білім беру, мәдениет, өнер салаларында елеулі орын алуға қабілетті жастардың зерделілік әлеуетін дайындауға ықпал етуекені белгілі.Осы бағытта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақып тәлімгері болып табылатын аталған университеттің Журналистика және саясаттану факультетінде «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқитын 3 курстағы ҚБ-31 оқу тобында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

Толығырақ

«5В051400 – ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы» білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар бойынша кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы қызметінің ең басты мақсаттарының бірі де осындай: білім алушылардың кәсіптік практикасын, сондай-ақ жас мамандардың ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-өндірістік тағылымдамасын ұйымдастыру.

Толығырақ

Жаңалықтар

29.11.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы әкімдігімен және Мақтаарал ауданының Білім бөлімімен бірге «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбы бойынша 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.
27.11.2019
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («серпін») жобасымен білім алып жүрген студент-жастар арасында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік
07.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.