Барлық жаңалықтар

«5В051400 – ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАСАЛДЫ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақып «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша модульдік білім беру бағдарламасы жасап, ұсынды.

Толығырақ

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының педагог қызметкерлеріне үндеуі

Аса құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №323 бұйрығымен «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты» бекітілген болатын.

Толығырақ

Жаңалықтар

29.11.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы әкімдігімен және Мақтаарал ауданының Білім бөлімімен бірге «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбы бойынша 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.
27.11.2019
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («серпін») жобасымен білім алып жүрген студент-жастар арасында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік
07.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.