Барлық жаңалықтар

БІЗДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРЫМЫЗҒА ISSN ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТЫҚ СЕРИЯЛЫҚ НОМЕРЛЕРІ БЕРІЛДІ

Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан ISSN Халықаралық орталығы Библиографиялық ақпараттық мәліметтер бөлімінің өкілі Ирина Стрельникова-Naulin (Mrs) ханымнан «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарына ISSN Халықаралық стандарттық сериялық номерлері берілгені туралы ғылыми журналдардың бас редакторы Мырзантай Қожабайұлы Жақыпқа арнайы хабарлама келді.

Толығырақ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДЫҢ БАС РЕДАКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

2013 жылдың 5 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Серік Әзтайұлы Ырсалиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ғылыми журналдарының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақыпты қабылдады.

Толығырақ

Жаңалықтар

20.05.2019
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорында арнайы тіркелген «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі құрылтайшы болып табылатын «Зерттеушi – Исследователь – The Researcher» ғылыми журналының 2019 жылғы №5(157) санының электрондық нұсқасы дайындалып, журналдың аталған нөмірі zertteushi.kz интернет-ресурсына орналастырылатынын хабарлаймыз.
29.04.2019
Еліміздің басты партиясы «Nur Otan» мен билік орындары Түркістан облысының орталығынан 500 шақырымдай түкпірде қалып қойған Мырзашөл өңірінде тұрып жатқан жарты миллион халықтың мұң-мұқтажына қашан көңіл бөледі?!
25.04.2019
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 158 қаулысымен Түркістан облысындағы Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Мақташы» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Зиядин Исабековтің есімі берілді.