Барлық жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» КОНКУРСЫ ЖАЛҒАСУДА

Республикалық«Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» және «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» ғылыми журналдары колледждер мен мектептердің барлық пәндердің оқытушылары мен мұғалімдері арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «Үздік педагог – зерттеуші» конкурсына жұмыстар қабылдауды одан әрі жалғастыруда.

Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» КОНКУРСЫНА ЖҰМЫСТАР ОДАН ӘРІ ҚАБЫЛДАНУДА

Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналыныңколледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасында барлық пәндер бойынша Республикалық «Үздік жас ғалым» конкурсы одан әрі жүріп жатыр.

Толығырақ

Жаңалықтар

16.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Бала құқықтары декларациясының қабылданғанына – 60 жыл, Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылданғанына – 30 жыл толуына орай еліміздің ең қиыр оңтүстігіндегі Мырзашөл өңірінің Асықата кентінде (Түркістан облысы) 2019 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері» атты Республикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр
13.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары (балалар бақшалары), орта білім беру ұйымдары (мектептер), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (университеттер) педагог қызметкерлері арасында мектеп оқушыларына арналған «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын (одан әрі – Білім беру бағдарламасы) әзірлеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
11.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.