"Өнерлі өрге жүзер"

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба және шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша«ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» атты жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

Жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсының мақсат-міндеттері:

- Жоғары оқу орындары оқытушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз етуге; азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыруға; қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыруға ықпал ету;

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;

- Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасынан «5В041600 – Өнертану» мамандығына бейімді дарынды жас өрендерді анықтап, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің қабілетті шәкірттермен жүргізілетін жұмысты жандандыруына ғылыми-әдістемелік бағдар беру;

- Талапты жас өрендердің жазбаша жұмыстары (шығармалары) мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұруына көмектесу;

- «5В041600 – Өнертану» мамандығын таңдаған колледж студенттері мен мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт беру.

Студенттер мен оқушылар төменде берілген конкурс тапсырмаларының бірін таңдап, сол бойынша жазбаша жұмыстар (шығармалар) жазып, жолдауы тиіс:

1) Фильм көру және оған рецензия жазу.

Жазбаша жұмыстарға (шығармаларға) қойылатын талаптар:

Студент немесе оқушы рецензия жазу барысында фильмнің идеясы мен драматургиялық құрылымының ерекшелігі туралы өзіндік түсінігін, кино өнерінің шығармасына толыққанды мінездеме беруге қабілеті бар екендігін, режиссердің ойын, актерлер ойынын, суретшінің және оператордың т.б. жұмысын ашып көрсетуге талпынуы тиіс. Рецензия жазу кезінде талапкер өзінің жазу қабілетінің деңгейін, эстетикалық талғамын, таңдаған мамандығына деген ынтасын көрсетеді.

2) Әдеби драматургиялық этюд жазу.

Жазбаша жұмыстарға (шығармаларға) қойылатын талаптар:

Студент немесе оқушы жазбаша жұмыстың (шығарманың) негізгі идеясын түсіну керек (өзіндік мәтін, әңгіме, өлең, драматургиялық оқиға) және мұнда адам және табиғат әлеміне өзіндік көркем көзқарасы аңғарылуы тиіс. Жазбаша жұмыстан (шығармадан) оқушының әдеби дарыны, эстетикалық талғамы, таңдаған мамандығына қызығушылығы көрініп тұруы қажет.

Драматургиялық этюд – шағын ғана, бас-аяғы бар, экранға ыңғайланған оқиға. Бұл талапкердің біреуден естіген, көрген я болмаса өз басынан өткізген оқиғасы болуы мүмкін. Бұл ойдан шығарылған, оқиғасы өткен заманда, қазіргі кезде немесе болашақта өрбитін оқиға болуы мүмкін. Драматургиялық этюд тақырыбын өзі таңдайды, жанрлық шектеу қойылмайды.

Жазбаша жұмыста (шығармада) шиеленіс, қым-қиғаш, жарқын оқиғалар болуы керек. Әр оқиғаның басы мен аяғы, байланысы болуы шарт, кез келген әрекет әрі қарай дамып, қақтығыс, яғни, кейіпкерлердің шиеленісуі болып, әр әңгіменің шырқай шегі мен аяғы болуы тиіс. Баяндалған оқиғаны көзге елестете алу керек.

Киноэтюдтегі кейіпкерлер саны, әдетте, аз: екі-үшеу. Киноэтюдті жаза отырып, оқушы драматургиялық, монтажды ойлау жүйесін, пластикалық кеңістік құру мүмкіндігін, ұшқыр қиялын көрсете алуы тиіс.

3) Спектакльге рецензия жазу.

Жазбаша жұмыстарға (шығармаларға) қойылатын талаптар:

Студент немесе оқушы рецензия жазу барысында спектакльдің идеясы мен драматургиялық құрылымының ерекшелігі туралы өзіндік түсінігін, театр қойылымдарына толыққанды мінездеме беруге қабілеті бар екендігін, режиссердің ойын, актерлер ойынын, суретшінің т.б. жұмысын ашып көрсетуге талпынуы тиіс. Рецензия жазу кезінде оқушы өзінің жазу қабілетінің деңгейін, эстетикалық талғамын, таңдаған мамандығына деген ынтасын көрсетуі қажет.

Жазбаша жұмыстарды (шығармаларды) бұдан басқа да кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады.

Конкурсқа ұсынылатын жазбаша жұмыстардың (шығармалардың) мазмұнына қойылатын талаптар:

- Жазбаша жұмыс (шығарма) жоғары оқу орны, колледж студентінің немесе мектеп оқушысының өзі жазған, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Жоғары оқу орны, колледж студенті немесе мектеп оқушысы өз шығармасында «Өнертану» мамандығы бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын жазбаша жұмыстардың (шығармалардың) компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 5 беттен аспайтын мақала мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Жазбаша жұмыстың (шығарманың) сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Жазбаша жұмыстың (шығарманың) жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, жоғары оқу орнының, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі керек.

Конкурсқа ұсынылған барлық жазбаша жұмыстар (шығармалар) сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований», «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» және «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналдарының бірінде жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жазбаша жұмыстары (шығармалары) журналда жарияланған авторларға және олардың жетекші оқытушылары мен мұғалімдеріне Грамоталар тапсырылады.

 «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы тарапынан «5В041600 – Өнертану» мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түскісі келетін колледж және мектеп бітірушілеріне олар Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткеннен кейін шығармашылық емтихандар тапсыру үшін жоғары оқу орындарына «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы тарапынан арнайы жолдама беріледі.

Жазбаша жұмыстар (шығармалар) жарық көрген соң журнал және тиісті Грамоталар автордың мекен-жайына «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурстың жауапты ұйымдастырушысы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Жақып Мырзантай Қожабайұлы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінде ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (куәлік сериясы МК, №002022), ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен (10.01.2014 ж. куәлік сериясы 6203, №0002310).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы, 2-бөлімінің 3) тармағына, «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес шығармалар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурстарын ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

Жақып Мырзантай Қожабайұлы, ЖСН/ИИН 650515303049, ағымдағы есепшот/текущий счет KZ7292615015Н9120005, БИК KZKOKZKX, АО «Казкоммерцбанк», КОд 19, КБе 19, КНП 861, «Білім беру қызметі/Образовательные услуги».

Конкурсқа ұсынылатын жазбаша жұмыстардың (шығармалардың) электрондық нұсқасы және төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады: E-mail: info@zertteushi.kz

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жазбаша жұмыстар (шығармалар) қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Конкурсқа ұсынылатын жазбаша жұмыстар (шығармалар) әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

Ескерту:

Құрметті «Өнерлі өрге жүзер» конкурсына қатысушы студенттер мен оқушылар және олардың жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жазбаша жұмыстарды (шығармаларды) ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жазбаша жұмыстарды (шығармаларды) көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жазбаша жұмыстарды (шығармаларды) жолдауларыңызды;

2. Жазбаша жұмыстардың (шығармалардың) авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

21.02.2018
Иә, Оңтүстіктегі бес ауданның қайта қалпына келтірілуі – шын мәніндегі тарихи оқиға! Кеше, 2018 жылғы 20 ақпан күні өткізілген Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ХХ сессиясының шешімімен сонау 90-шы жылдардың соңында еліміздегі экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты Елбасымыздың 1997 жылғы 24 сәуiрдегi №3474 Жарлығымен таратылған Мақтаарал, Жетісай, Асықата, Сарыағаш және Келес аудандарының қайтадан қалпына келтіруі – шын мәніндегі айрықша тарихи оқиға!
19.02.2018
Қазіргі кезде қазақ қоғамында жүріп жатқан 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсының төңірегіндегі қызу пікірталастарға «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» басым бағыты бойынша ғылыми жоба ұсынған ғалым-әріптестеріміздің басым көпшілігі онша араласпай, үндемей, сырттай бақылап отыр.
15.02.2018
Кейінгі уақытта «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығына еліміз жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алып жатқан жас ізденушілерден көптеген сұрақтар келіп түсуде. Олар: «Біз мақалаларымызды міндетті түрде «ВАК» журналдарында жариялауға тиістіміз бе?» - деп сұрайды. Осыған орай, магистранттардың өтініштеріне жауап бергенді жөн көрдік.