"Саясаттану - құрметті мамандық"

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша «САЯСАТТАНУ – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ» атты ғылыми жұмыстар конкурсын ұйымдастыратыны туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

- Жоғары оқу орындары оқытушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз етуге; азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыруға; қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыруға ықпал ету;

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;

- Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасынан «5В050400 – Журналистика» және «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандықтарына бейімді дарынды жас өрендерді анықтап, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің қабілетті шәкірттермен жүргізілетін жұмысты жандандыруына ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар беру;

- Талапты жас өрендердің ғылыми жұмыстары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұруына көмектесу;

- «5В050400 – Журналистика» және «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандықтарын таңдаған колледж студенттері мен мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру;

- Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері және мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту және ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу;

- Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері және мектеп оқушыларының Республикалық ғылыми жоба жарыстарына белсене қатысуына, журналда ғылыми жұмыстарын жариялауына көмектесу.

Ғылыми жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыттары (біреуін таңдап алу қажет):

- Ежелгі дүние: Ежелгі дүние тарихы. Өте ертедегі адамдардың тіршілігі;

- Ежелгі дүние: Ежелгі Шығыс мемлекеттері;

- Ежелгі дүние: Антикалық өркениет;

- Орта ғасыр тарихы: Ерте орта ғасырлар (V – Х ғғ.);

- Орта ғасыр тарихы: Дамыған орта ғасырлар (ХІ – ХV ғғ.);

- Орта ғасыр тарихы: Кейінгі орта ғасырлар (ХVІ – ХVІІ ғғ.);

- Жаңа заман тарихы: ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардағы Еуропа және Солтүстік Америка елдері;

- Жаңа заман тарихы: ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардағы Азия және Африка елдері;

- Жаңа заман тарихы: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы Еуропа және Америка елдері;

- Жаңа заман тарихы: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы Азия елдері;

- Жаңа заман тарихы: ХVІІ – ХХ ғасырлардағы қоғамдық құрылыстың өзекті мәселелері;

- Қазіргі заман тарихы: ХХ ғ. І жартысындағы саяси жағдай (1914 – 1920 жж.);

- Қазіргі заман тарихы: Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Еуропа және Америка елдері;

- Қазіргі заман тарихы: 1914 – 1945 жылдардағы Азия және Африка елдері;

- Қазіргі заман тарихы: 1920 – 1945 жылдардағы саяси жағдай;

- Қазіргі заман тарихы: 1945 – 2004 жылдардағы Батыс Еуропа елдері;

- Қазіргі заман тарихы: 1945 – 2004 жылдардағы Орталық, Солтүстік, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері;

- Қазіргі заман тарихы: Америка елдері;

- Қазіргі заман тарихы: 1945 – 2004 жылдардағы Азия және Африка елдері;

- Қазіргі заман тарихы: ХХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық құрылыстың өзекті мәселелері.

Ғылыми жұмыстар мазмұнының негізгі сипаттамасы (біреуін таңдап алу қажет):

- Ежелгі дүние тарихы: жыл мен ғасыр арақатынасын, оқиғаның реті мен ұзақтығы, тарихтағы жыл санау; алғашқы қауымдық қоғамның дамуының негізгі белгілері мен ерекшеліктері;

- Орта ғасыр тарихы: орта ғасырлар тарихының хронологиясы; орта ғасырлардағы мемлекеттердің саяси, экономикалық және рухани дамуының негізгі белгілері мен ерекшеліктері; феодалдық қоғамдық құрылыстың алғы шарттары мен ерекшеліктері;

- Жаңа заман тарихы: негізгі кезеңдері; Англиядағы өнеркәсіп төңкерістері; ағылшын буржуазиясының революциясы; отарлау ошақтарының пайда болуы; жаңа кезеңдегі дүние жүзі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы; Еуропа мен басқа елдерде жаңа саяси ағымдардың пайда болуы, капиталистік державалардың дүние жүзін қайта бөлуге ұмтылуы;

- Қазіргі заман тарихы: Бірінші дүниежүзілік соғыс; соғыстан кейінгі Еуропа елдері; 1918 – 1939 жылдардағы халықаралық қатынастар; Екінші дүниежүзілік соғыс; соғыстан кейінгі және ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы Еуропа елдері; 1945 – 2000 жылдардағы халықаралық қатынастар.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 10 беттен аспайтын ғылыми жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Ғылыми жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Ғылыми жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, жоғары оқу орнының, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований», «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» және «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналдарының бірінде жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары журналда жарияланған авторларға және олардың жетекші оқытушылары мен мұғалімдеріне Грамоталар тапсырылады.

 «5В050400 – Журналистика» және «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандықтарын таңдаған осы мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына түскісі келетін колледждердің және мектептердің бітірушілеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуден және Кешенді тестілеуден өткеннен кейін «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы тарапынан арнайы оқу-кеңестері беріледі.

Ғылыми жұмыстар жарық көрген соң журнал және тиісті Грамоталар автордың мекен-жайына «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурстың жауапты ұйымдастырушысы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Жақып Мырзантай Қожабайұлы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінде ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (куәлік сериясы МК, №002022), ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен (10.01.2014 ж. куәлік сериясы 6203, №0002310).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы, 2-бөлімінің 3) тармағына, «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және ғылыми жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

Жақып Мырзантай Қожабайұлы, ЖСН/ИИН 650515303049, ағымдағы есепшот/текущий счет KZ7292615015Н9120005, БИК KZKOKZKX, АО «Казкоммерцбанк», КОд 19, КБе 19, КНП 861, «Білім беру қызметі/Образовательные услуги».

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады: E-mail: info@zertteushi.kz

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

Ескерту:

Құрметті «Саясаттану – құрметті мамандық» конкурсына қатысушы студенттер мен оқушылар және олардың жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жұмыстарды көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарын жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

20.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
18.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа колледж оқытушыларының өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
15.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа балалар бақшалары қызметкерлерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.