Жаңалықтар

«Үздік оқытушы-зерттеуші» атты Республикалық конкурс

Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІ» атты Республикалық конкурсын өткізеді.

Конкурсқа орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады.

Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ және орыс тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.

Конкурсқа жұмыстарды қабылдау мерзімдері – жылына төрт рет:

- 31 наурызға дейін;
- 30 маусымға дейін;
- 31 қыркүйекке дейін;
- 31 желтоқсанға дейін.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:
- Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқытушы-ұстаздарының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығымен жаңа редакцияда бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау нәтижелері бойынша біліктілік санаттары берілуіне (расталуына) және аттестаттаудан өткізілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогінің портфолиосын жинақтауына көмектесу;

-Талантты педагог қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру үдерісіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу және тарату;

- Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқытушы-ұстаздарының ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ғылыми журналдарда жиі жариялап тұруына қол ұшын беру.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- Жұмыс педагог қызметкердің өзі жазған, бұған дейін ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;
- Педагог қызметкер өз жұмысында сабақ беретін пәні бойынша жұмыс тәжірибесі мен терең дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, жолданады:

- Көлемі 10 беттен аспайтын жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің, мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, плагиатқа қарсы тексеріледі.

Үздік жұмыстар «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «ZERTTEUSHI.KZ» ғылыми басылымында жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары жоғары бағаланған және журналда жарияланған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушы-ұстаздарына «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының арнайы Дипломдары мен Сертификаттары беріледі (электрондық түрде).

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 15500 (он бес мың бес жүз) теңге.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және мақаланың соңғы бетіне сканерден өткізу арқылы тіркелген төлемақы түбіртегінің көшірмесі
Интернеттегі мына электрондық поштаарқылы қабылданады:

E-mail: zertteushi.kz@gmail.com

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Біздің есепшотымыз:
Жеке кәсіпкер Жақып М.Қ.
ЖСН 650515303049
«Kaspi Bank» АҚ
КБе 19
БИК CASPKZKA
Шот нөмірі: KZ87722S000020056906

«Конкурсқа қатысу үшін».
Ғылыми мақалалар мен жарна төленгені туралы түбіртектің көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберу керек.

E-mail:
zertteushi.kz@gmail.com

Біздің Интернет-ресурсымыз
http://zertteushi.kz/

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:
Ләзиза Мырзантайқызы (+7 707 355 64 48).

Ескерту:

Құрметті «Үздік оқытушы-зерттеуші» конкурсына қатысушы ұстаздар, тәрбиешілер, педагог қызметкерлер!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жобаларды көшіріп алмауларыңызды; шын мәнінде өздеріңіз жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарыңызды жолдауларыңызды;
2. Жұмыс авторларының фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!
Made on
Tilda