"Әдебиет әлемі - оқушы көзімен"

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері бойынша «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӨЗІМЕН» атты ғылыми жұмыстар конкурсын ұйымдастыратыны туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

- Жоғары оқу орындары оқытушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз етуге; азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыруға; қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыруға ықпал ету;

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;

- Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасынан «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері мамандықтарына бейімді дарынды жас өрендерді анықтап, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің қабілетті шәкірттермен жүргізілетін жұмысты жандандыруына ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар беру;

- Талапты жас өрендердің ғылыми жұмыстары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұруына көмектесу;

- «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері мамандықтарын таңдаған колледж студенттері мен мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру;

- Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері мен мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту және ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу;

- Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері мен мектеп оқушыларының Республикалық ғылыми жоба жарыстарына белсене қатысуына, журналда ғылыми жұмыстарын жариялауына көмектесу.

Ғылыми жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыттары (біреуін таңдап алу қажет):

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша:

- Халық ауыз әдебиеті;

- Ежелгі дәуір әдебиеті;

- ХV – ХVІІІ ғасыр әдебиеті; жыраулар поэзиясы;

- ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет;

- ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ағартушылар;

- ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет: Абай Құнанбайұлы;

- ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет: ақын – сазгер – әншілер;

- ХХ ғасырдың басындағы әдебиет;

- Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет;

- Әдебиет теориясы;

- Қазіргі заман әдебиеті: ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы поэзия;

- Қазіргі заман әдебиеті: ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы проза және драматургия.

«Литература» пәні бойынша:

- Роды и жанры фольклора и литературы;

- Теория литературы;

- Устное народное творчество;

- Фольклор и литература 19 века;

- Фольклор и литература 20 века;

- Мифология и литература;

- Человек и история в мире литературы;

- Человек и мир природы в литературе;

- Человек среди людей;

- Западноевропейская литература средних веков и эпохи Возрождения;

- Русская литература средних веков;

- Классицизм в русской и западноевропейской литературе;

- Сентиментализм в западноевропейской и русской литературе;

- Романтизм в западноевропейской и русской литературе;

- Реализм в западноевропейской и русской литературе;

- Неоромантизм в литературе;

- Русская литература Казахстана;

- Русская классическая литература 19 века;

- Русская литература конца 19 – начала 20 века;

- Литература русского зарубежья (первая волна);

- Литература 1920 – 1940 гг.;

- Литература 1940 – 1955 гг.;

- Литература 1955 – 1985 гг.;

- Литература 1985 – 2000 гг.;

- Литература русского зарубежья (третья волна).

Ғылыми жұмыстар мазмұнының негізгі сипаттамасы (біреуін таңдап алу қажет):

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша:

- Халық ауыз әдебиеті: түрлері, ерекшеліктері;

- Ежелгі дәуір әдебиеті: жазба ескерткіштерінің тарихы, түрлері;

- ХІ – ХVІІІ ғасырлардағы әдебиет: жыраулар поэзиясының даму кезеңдері, өкілдері;

- ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет: әдеби ағымдар;

- ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет: жаңа әдеби ағымдар мен бағыттардың, реализмнің тууы.

- ХХ ғасырдың басындағы әдебиет: 20-30-шы жылдардағы әдебиет, әдеби жанрдың дамуы және көрнекті өкілдері;

- Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет: Ұлы Отан соғысы кезіндегі және одан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінде соғыс, отаншылдық тақырыптың қалыптасуы, жанрлардың дамуы және көрнекті өкілдері;

- Қазіргі әдебиет: қазіргі заман әдебиеті, жанрлық ерекшілігі;

- Әдебиет теориясы: әдеби-теориялық ұғымдар түсінігі.

«Литература» пәні бойынша:

- Сведения о жизненном и творческом пути выдающихся классиков русской литературы; биографические сведения о других писателях ХІХ и ХХ веков;

- Сведения о творческой истории этапных произведений русской литературы и литературы Казахстана;

- Оценка изученных произведений писателей-классиков в критике и литературоведении;

- Основные признаки понятия «классическая литература»;

- Сведения о некоторых литературных направлениях;

- Обобщающие сведения о конкретно-историческом и общечеловеческом значении произведений классической литературы;

- Обобщающие сведения о родах и жанрах литературы и основных способах выражения авторского сознания;

- Обобщающие сведения об идейно-стилевом единстве литературного произведения.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Ғылыми жұмыс жоғары оқу орны мен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының өзі жазған, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Жоғары оқу орны мен колледж студенті немесе мектеп оқушысы өз ғылыми жұмысында «Қазақ әдебиеті» немесе «Литература» пәні бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 10 беттен аспайтын ғылыми жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Ғылыми жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Ғылыми жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, жоғары оқу орнының, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований», «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» және «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналдарының бірінде жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары журналда жарияланған авторларға және олардың жетекші оқытушылары мен мұғалімдеріне Грамоталар тапсырылады.

«Қазақ әдебиеті» немесе «Литература» пәндері бойынша мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына түскісі келетін колледждердің және мектептердің бітірушілеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуден және Кешенді тестілеуден өткеннен кейін «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы тарапынан арнайы оқу-кеңестері беріледі.

Ғылыми жұмыстар жарық көрген соң журнал және тиісті Грамоталар автордың мекен-жайына «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурстың жауапты ұйымдастырушысы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Жақып Мырзантай Қожабайұлы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінде ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (куәлік сериясы МК, №002022), ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен (10.01.2014 ж. куәлік сериясы 6203, №0002310).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы, 2-бөлімінің 3) тармағына, «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және ғылыми жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

Жақып Мырзантай Қожабайұлы, ЖСН/ИИН 650515303049, ағымдағы есепшот/текущий счет KZ7292615015Н9120005, БИК KZKOKZKX, АО «Казкоммерцбанк», КОд 19, КБе 19, КНП 861, «Білім беру қызметі/Образовательные услуги».

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады: E-mail: info@zertteushi.kz

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

Ескерту:

Құрметті «Әдебиет әлемі – оқушылар көзімен» конкурсына қатысушы студенттер мен оқушылар және олардың жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жұмыстарды көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарын жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

20.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
18.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа колледж оқытушыларының өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
15.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа балалар бақшалары қызметкерлерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.