ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУМЕН АЙНАЛЫСЫП ЖҮРГЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР АЗ ЕМЕС

Қуаныш Жұмабекұлы Асылов:

ҮЕҰ-ның Деректер қорына 4,5 мыңнан астам ұйым мәліметтерін ұсынған

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ұлт жоспары – бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» аясында мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-әрекеті жүйесінде айтарлықтай өзгерістерді қарастыратын бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

Нәтижесінде ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобаларын қаржылық қолдаудың жаңа нысаны енгізілді, олар Қоғамдық кеңестер қызметі аясында жаңа мәртебе мен рөлге ие болды, әлеуметтік саладағы ҮЕҰ жұмысы туралы қоғамдық есепті ұсыну тәжірибесі кеңейді. Мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнаманы әзірлеу және орындау мониторингі үрдісіндегі қоғамның рөлін арттыру үшін арнайы Сарапшылық кеңесі құрылды.

Сондай-ақ, Үкімет құрамында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет жөніндегі уәкілетті орган анықталды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті құзыретіне ҮЕҰ мәселелері тікелей кіреді.

ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-әрекеті саласындағы реформалардың қазіргі жағдайы және даму келешегі туралы толығырақ осы комитеттің төрағасы Асылов Қуаныш Жұмабекұлы жауап берді.

Қуаныш Жұмабекұлы, сіздің пікіріңізше, бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет саласы бойынша Ұлт жоспарында қарастырылған шаралар қаншалықты табысты іске асуда?

- ҮЕҰ-мен өзара іс-әрекет жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарымыз, ең алдымен, қоғам сұрауына және саланың бастан өткеріп отырған қазіргі қажеттілігіне бағдарланғанын атап өткім келеді. Қазіргі уақытта ҮЕҰ-мен өзара іс-әрекет жұмыстарын батыл түрде жеке сала ретінде қарастыруға болады, өйткені бұл салада әлеуметтік-экономикалық дамудың ауқымды мәселелерін шешумен айналысып жүрген субъектілер аз емес. Жеке статистика және жұмысбастылықты есепке алу жүргізілуде, «үкіметтік емес сектор» субъектілерімен қатар, ҮЕҰ-ның барлық жобалары, олардың атаулы топтармен жұмыс жасау, секторда пайдаланған жеке және мемлекеттік инвестициялар туралы ақпараттарды жинау мен көпшілікке ұсынудың арнайы Деректер қоры іске қосылды.

Ұлт жоспары аясында ҮЕҰ-мен ынтымақтастыққа қатысты барлық қабылданған шаралар – ҮЕҰ және қоғамдық сарапшылармен бірлесе атқарған жұмыстың жемісі.

Көптеген ұсынымдар Азаматтық форум аясында әзірленді. Бұл, мысалы, кепілді қаржыландыру жүйесін жүргізуге қатысты. Басқа мәселелер арнайы диалог алаңдарында пысықталды. Мысалы, біздің министрлікте ҮЕҰ-мен өзара іс-әрекет жөніндегі үйлестіру кеңесі, сыртқы істер министрлігінде – адам құқығы мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган жұмыс жасайды.

ҮЕҰ-мен байланыс арналары тиімді жолға қойылған, сектордың дамуындағы барлық маңызды мәселелер институционалды реформаларда көрініс тапқан.

Сондықтан, біз Ұлт жоспарын іске асыра отыра, өзіміздің рөлімізді нәтижелі атқарудамыз және жалпы сектордың, сондай-ақ әлеуметтік саладағы ҮЕҰ-мен ынтымақтастығымыздың негізгі аспектілерінің табысты дамуына себепші болудамыз деп санаймын.

- Нақтырақ айтсақ, қазір ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-әрекеті саласында қандай өзекті мәселелер күн тәртібінде тұр және қандай шешімдер қабылдануда?

- Әрине, біздің ҮЕҰ Деректер қоры аясында қалыптастырып жатқан тәжірибеміз көпшілікті алаңдатуда.

Өткен жылдың желтоқсан айында «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, онда коммерциялық емес ұйымдардың есептілікті ұсыну нормалары нақтыланды.

Заңда мұндай талаптар қарастырылған болатын, алайда осы мәліметтерді кім және қандай тәртіпте қабылдайтыны көрсетілмеген.

Енді заңды түрде уәкілетті орган анықталды – ол ҮЕҰ Деректер қоры арқылы коммерциялық емес ұйымдардың есебін қабылдайтын Мәдениет және спорт министрлігі.

Әрине, көпшілікті ҮЕҰ Деректер қоры аясындағы біздің жолға қойған тәжірибеміз алаңдатады.

Деректер қоры – бұл 2017 жылдан бастап ҮЕҰ-лар электронды санды қолтаңба арқылы тіркелгеннен кейін өздерінің ақпараттарын он-лайн түрінде орналастыра алатын портал формасындағы қоғамдық ақпараттық ресурс. Біз биылғы жылы ҮЕҰ есептерін пошта арқылы немесе қолма-қол қабылдадық және порталға әрбір ұйым туралы ақпаратты өзіміз енгізудеміз.

Бүгінгі күні Деректер қорына 4,5 мыңнан астам ұйым мәліметтерін ұсынды. Сонымен бірге шамамен 25 мыңдайы тіркелді, салық есептілігін 10 мыңнан астам ұйым тапсыруда.

Яғни, Деректер қоры бізге қандай ұйым шын мәнінде жұмыс жасап тұрғанын, қайсысы тек қағаз түрінде бар екенін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, біз сектор, нақты жұмыспен қамту, экономикаға қосқан үлесі және ішкі жалпы өнімді құруға қатысуы туралы статистикалық есеп пен ақпараттар жиынтығы жүйесін реттей аламыз.

Деректер қорының жұмыс жасауы мемлекеттік қызметтердің бір бөлігін үкіметтік емес сектор мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау тұрғысынан өте маңызды. Осылайша, «үшінші сектор» мемлекет пен бизнес атынан түсетін серіктестіктер тарапынан ашықтық пен сенімнің жаңа жоғары деңгейіне ие болады. Сондай-ақ қолда бар ресурстар және қоғам мен азаматтардың тұтыну мүмкіндіктерін талдауға арналған нақты құрал.

Деректер қорына мәліметтер ұсынбаған ұйымдар үшін әкімдіктермен бірлесе отырып, ҮЕҰ саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мәліметтерді ұсыну қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы жұмыс барысында өздерінің қызметтерін бұрыннан тоқтатқан және тек заңды тұлғалар деректер қорында тұрған көптеген ұйымдар анықталуда. Осылайша, ҮЕҰ Деректер қоры аясында жұмыс жасай отыра, біз жұмыс жасайтын ұйымдар бойынша нақты жағдайды қалыптастырамыз және салық қызметі, статистика және әділет органдары жұмысына айтарлықтай көмектемесіз.

- Соңғы жылдары ҮЕҰ мен мемлекеттің ынтымақтастығы тәжірибесін жетілдіру бойынша қандай шаралар қабылданғаны жөнінде жалпы сипаттама беріп өтсеңіз?

- Ашығын айтқанда, ҮЕҰ мен мемлекеттік өзара іс-әрекет тәжірибесіндегі және осы саланы реттейтін заңнамадағы соңғы он жылдағы айтарлықтай өзгерістер кейінгі екі жылда енгізілді. Бұл біздің әлеуметтік саладағы ынтымақтастықтың дамуында жүйелі түрде жұмыс жасағанымызбен түсіндіріледі және ҮЕҰ мен мемлекеттің серіктестігі белсенділіктің жоғары деңгейіне жетті.

2005 жылы Екінші Азаматтық форум қорытындысы бойынша ҮЕҰ-ның Үкіметке арналған ұсынымдарының бірінші жоспары қабылданды. Сол уақыттан бері ҮЕҰ секторы сан жағынан ғана емес, кәсібилік жағынан да айтарлықтай өсті. Әлеуметтік саладағы жұмыстар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражатымен қоса, шетелдік донорлық бағдарламалар аясында да әлеуметтік жобаларды іске асырудың үлкен тәжірибесі жиналды.

Сонымен қатар, Азаматтық форум және барлық деңгейде жұмыс жасап тұрған басқа да диалог алаңдары негізінде билік пен үкіметтік емес сектордың жалпыұлттық диалогының тиімді үлгісі қалыптасты.

Нәтижесінде, барлық жаңалықтардың негізін бүгінгі таңда «үшінші сектордың» бастамасы мен белсенді қатысуы құрап отыр.

Мысалы, 2014 жылы ҮЕҰ-мен білесіп мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқау рәсімдерін жеңілдету бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңға түзетулер әзірленді және өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде ҮЕҰ келісім-шарт пен өтінімді қосымша қаржылық қамтамасыз етуден босатылды. ҮЕҰ әлеуметтік жобаларды іске асыруға алғытөлемдер ала бастады. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе және жобалық тәсілге негізделген, әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған ҮЕҰ өтінімдерін бағалаудың жаңа рәсімдері енгізілді. Өтінімдер баллдық жүйе бойынша заңнамада көрсетілген өлшемдерге сәйкес үздік жобаны анықтайтын қоғамдық сарапшыларды тарта отырып бағалана бастады. Бұндай тәсіл байқауды өткізу кезіндегі демпингке жол бермеу кезінде өте маңызды.

2015 жылы Ұлт жоспары аясында әлеуметтік жобаларды қолдаудың жаңа нысаны заңды түрде енгізілді – ҮЕҰ арналған гранттар мен сыйлықақылар, ол мемлекеттік сатып алу рәсімдерінсіз бөлуге бағдарланған және материалдық және техникалық жабдықтарды күшейту үшін қолданылуы мүмкін.

2015 жыл бойы біз ҮЕҰ топтарымен бірлесе отырып мемлекеттік сатып алу арқылы іске асырылатын ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын мониторингілеу мен бағалаудың жаңа жүйесін әзірледік. Оны қолдану бойынша пилотты жоба іске қосылды және қазіргі уақытта осы әдістемені нормативтік тәртіпте бекіту пысықталуда.

Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар бастамасымен және біздің қолдауымызбен ҮЕҰ әлеуметтік қызметтерінің стандарты жобасы әзірленді. Біз оны заңнама деңгейінде енгізуге дайындау үстіндеміз.

Сектор ішінде даму үрдісі жүріп жатқанын атап өткен жөн. Мысалы, 2014 жылдан бастап ҮЕҰ арасында ереже мен келісімнің ішкі жиынтығын қарастыратын «ҮЕҰ этикасының кодексі» жобасы белсенді түрде талқылануда.

Еуроодақтың көптеген елдерінде қоғамдық келісім деңгейінде бекітілетін және сектор ішіндегі қатынасты реттейтін мұндай құжаттар бар. Қазақстандық ҮЕҰ-лар осы тәжірибеге келуі Қазақстанда бәсекелестіктің тұрақты жүйесінің қалыптасқанын білдіреді және ҮЕҰ-лардың әлеуметтік қызмет нарығы тұрақты сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын орнықты жағдайда деген сөз.

Осылайша, «үшінші сектор» ішкі тұтынудан бастау ала отырып, өздерінің қызметтерін реттеуге арналған ережелер мен нормаларды өздері әзірлеуге арналған қарқынды дамудың жаңа деңгейіне шықты.

Сондай-ақ, бұл маңызды көрсеткіш «үшінші сектордың» дамуына қолайлы жағдай жасаудағы барлық мемлекеттік органдардың жұмысы.

- Қабылданған өзгертулерді ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жұмыстарды қалай сипаттауға болады?

- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс статистикасына көз жүгіртсек, соңғы екі жылда оның көлемі үштен бір бөлікке артты. 2014 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа шамамен 5,5 миллиард теңге қарастырылған. Осы жылы – 9,2 миллиард теңге.

Сонымен қатар, жергілікті қаржыландыру үлесі айтарлықтай өскен. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясы және саласы кеңейді. Қазіргі кезде ҮЕҰ-мен жұмыс тек қана облыс орталықтары мен қалаларда ғана емес, аудандарда, ауылдық деңгейде де жолға қойылған. Сондай-ақ, барлық жергілікті әлеуметтік сала басқармалары өздерінің жобаларын ҮЕҰ-мен бірлесіп іске асырады: денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру, спорт, туризм, жастармен өзара іс-қимыл.

Үш жыл бұрын осы жұмыстарды негізінен тек ішкі саясат және білім беру басқармалары жүргізген.

Егер ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырған жобалардың тақырыптары бойынша қарастыратын болсақ, ол салалық жағынан айтарлықтай кеңіген. Қазір негізгі үлес салмақты – 17%-ды әлеуметтік қызмет және мүгедектермен, әлеуметтік қорғалмаған топтармен жұмыс жасауға бағытталған жобалар құрайды, 15% – әр түрлі салалардағы азаматтардың білім деңгейін және құқықтық білімін арттыру жөніндегі жобалар. 14%-ы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған, 13% – жастар, балалар және жасөспірімдермен жұмыс жасау, 12%-ы салауатты өмір салты, нашақорлықпен күрес, облыстардағы спорт пен туризм бастамаларын дамыту саласында іске асырылатын жобалар құрайды.

Бұл ҮЕҰ жұмысы жергілікті қоғамдастық деңгейінде айтарлықтай жылжығанын және сектор әлеуеті министрліктің ауқымды ақпараттық жобаларын іске асырудан халық пен шағын атаулы топтардың мәселелерін шешуге ойысқанын білдіретін жақсы үрдіс.

Әрине, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында одан әрі пысықтайтын және жетілдіретін көптеген мәселелер қалып отыр.

Ең алдымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру барысын мониторингілеу және ҮЕҰ-ның тиімді қызметтерін бағалау рәсімдерін дамыту маңызды. Осыған орай біз стандарттарды енгізумен жұмыс жасап жатырмыз.

Сонымен қатар, заңнаманың тұжырымдамалық негізін нақтылау талап етіледі. Мысалы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты «бағалау» ұғымын енгізу қажет. Қазіргі кезде «мониторинг» ұғымым бар, ал «бағалау» ұғымы заңмен белгіленбеген.

Тағы бір маңызды сәт – қоғамды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастыру үрдісіне тарту. Қазіргі таңда тақырыптарды, негізінен, мемлекеттік органдар салалық және аумақтық стратегиялық құжаттарды, Үкімет тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жасайды.

Алайда шағын әлеуметтік топтармен жұмыс жасауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ресурстарын жаппай қолданудың қалыптасқан үрдісін ескере отырып, тақырыптарды қалыптастыру процессіне оларды кеңінен тартуды қамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік тапсырысты бөлуге және ең қажетті жобаларға дауыс беруге арналған қоғам бастамаларын жинауды қамтамасыз ететін арнайы ақпараттық ресурстардың қызметін қамтамасыз ету бойынша АҚШ және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басқа да елдерінің оң тәжірибелері бар. Жақын арады біз Қазақстанда осындай ресурсты енгізуді және оның жұмысын нормативтік реттеумен қамтамасыз етуді жоспарлаудамыз.

- Сіз жақын арада ҮЕҰ секторын дамытуды нормативтік және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуде тағы да нені маңызды және қабылдау қажет деп санайсыз?

- Жетінші Азаматтық форум жақындап келеді, ол дәстүр бойынша осы жылдың қарашасында өткізілетін болады. Оның алаңында қазірдің өзінде ҮЕҰ қатысуымен әртүрлі пікірталас алаңдарындағы күн тәртібінен түспей жүрген өзекті мәселелердің кең ауқымы бойынша шешімдер қабылданады және Үкімет тапсырмалары қалыптастырылады.

Ең алдымен – ҮЕҰ қызметін әртараптандыру мәселесі. Оның мәні ҮЕҰ-лардың тар көлемді салалық мамандықтарын қалыптастыруға және белгілі бір саладағы олардың қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға жағдайлар жасау.

Бұл жалпы әлемдік үрдіс және біз мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес секторға беру бөлігінде осындай тәсілдерге аса қызығушылық танытудамыз. Алайда, мұнда шектейтін нормаларды емес, керісінше қажетті ынталандыруды құруымыз қажет және осы мәселеге аса назар аударып, жете пысықтау керек.

Мысалы, ҮЕҰ-лар тар көлемде дайындалған қызметкерлердің тұрақты штатын ұстап тұруға және белгілі бір қызмет түрлеріне тарту мәртебесіне және мемлекет пен бизнес тарапынан кепілге ие болуға өздері мүдделі болуы тиіс.

Тағы бір маңызды мәселе – волонтер қозғалысы мен ерікті бастамаларды дамыту. Қазіргі уақытта «Волонтер қызметі туралы» заң жобасы әзірленді, онда волонтерлікті дамытумен айналысатын ҮЕҰ-лардың құқықтық мәртебесі мен қепілдік беруді анықтау ұсынылған. Жақын арада оны пысықтау және біздің тәжірибеміз бен заңнамаға, соның ішінде жергілікті қауымдастық пен ұйымдар тұтынушылығын ескере отырып, сәйкестендіру жұмыстары жалғасатын болады.

Тағы бір басымдық – шетелдік серіктестіктермен ынтымақтастықты дамыту. Мұндағы аса маңызды сәт – әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру барысындағы іс-қимылды келісу. Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тартуда маңызды болып табылатын әлеуметтік салаларда кезек күттірмейтін қажеттілігі бар. Өзіміздің ішкі қажеттілігімізді ескере отырып талап етілетін тақырыптар бойынша ортақтаса жұмыс жүргізу үшін біз жұмыс жасайтын және мүмкіндіктерді талқылайтын боламыз.

Қазір біздің, ҚР СІМ-мен бірге, Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігімен ынтымақтастықта табысты тәжірибеміз бар. Бұдан кейін де осы бағытта біз шетелдік донорлармен ынтымақтастығымызды дамыта беретін боламыз.

- Институционалды реформа аясында ҮЕҰ мен қоғамдық сарапшылардың жаңа қызметтері мен мәртебесін қарастыратын тағы да бірқатар заңнамалық бастамалар қабылданды. Бұл «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң, сондай-ақ Сарапшылық кеңес туралы ережеге қатысты мемлекеттік рәміздер туралы заңнамадағы жаңалықтар. Сондай-ақ, Сіздің Комитет осы мәселелер бойынша жұмыстарды жүргізуде уәкілетті орган болып табылады. Сіз не айтар едіңіз, осы бағыттарда қандай жұмыстар жүргізілуде?

- Әрине, Ұлт жоспары Қоғамдық кеңестердің қызметін дамыту бойынша маңызды жұмыстарды ұйымдастыру үшін  түрткі болды. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң жарты жыл бойы жұмыс жасап келеді және осы уақыт ішінде Қоғамдық кеңес мүшелерінің жергілікті қауымдастықпен және мемлекеттік органдармен жақсы ынтымақтастық тәжірибесі жолға қойылды.

Осы кеңестердің көптеген табысты қызметі олардың өкілдерінің белсенділігі мен құлшынысы арқасында қамтамасыз етілуде.

Қоғамдық кеңестер аясындағы заң және қызмет дағдысы біз үшін жаңа тәжірибе болып табылады, сондықтан да тағы да жетілдіруді талап етеді. Оларды қаржыландыру, отырыстарын ұйымдастырушылық сүйемелдеу, әртүрлі деңгейдегі кеңестер арасындағы кездесулерді және т.б. қамтамасыз ету мәселелері бар.

Осы барлық мәселелерде біз Парламент Мәжілісі депутаттарымен бірлесіп жұмыс жасаудамыз, әртүрлі Қоғамдық кеңестердің жұмыс тәжірибесін зерттеудеміз, олардың белсенділерімен кездесу өткіземіз, семинарлар мен практикалық тренингтер ұйымдастырамыз.

Осы жұмыста ЕҚЫҰ, Еуроодақ, БҰҰ және ЮСАИД өкілдері жақсы қолдау көрсетуде. Олардың белсенді қатысуымен өңірлерде бірқатар семинарлар ұйымдастырылды, әдістемелік материалдар дайындалды, Қоғамдық кеңестер жұмысындағы шетелдің тәжірибелері туралы ақпарат ұсынылды.

Осылайша, Қоғамдық кеңестердің қызметі және олардың жұмысын жолға қою тәжірибесі біздің Министрліктің, сондай-ақ Парламент депутаттарының және барлық үкіметтік емес сектор мен сарапшылық қауымдастықтың маңызды басымдақтарының қатарынан табылады.

Сондай-ақ біз мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселесі жөніндегі Сарапшылық кеңестің аясында ҮЕҰ мен сарапшылық қауымдастық өкілдерімен белсенді жұмысты жолға қоюдамыз. Сарапшылық кеңес базасында ғылым саласының жұмысшылары, Қоғамдық заңгерлер ұжымы және Ұлттық гералдикалық ұжымы кірген энтузиастердің жақсы құрамы қалыптастырылды.

Біз аумақтық рәміздерді қолдану тәжірибесіне талдау жүргіздік, Қазақстандағы осы саланы реттейтін заңнама базасын зерттедік. Сондай-ақ біздің сарапшылармен гералдикалық ғылымның дамуы және қазақстандық гералдиканың қалыптасу тарихы бойынша көптеген материалдар жиналды. Біз осы материалдар негізінде Қазақстанның аумақтық рәміздеріне арналған бірегей мемлекеттік стилді қалыптастыратын боламыз.

Сарапшылық кеңестің тағы бір маңызды бағыты салтанатты оқиғалар аясында және патриоттық сезімдерін білдіруде азаматтар мен ұйымдардың Мемлекеттік рәміздерді, негізінен Мемлекеттік туды қолдану тәжірибесін жолға қою. Халықаралық тәжірибені және өзіміздің заңнаманы ескере отырып Сарапшылық кеңес жоспарында Мемлекеттік туды кеңінен қолдану және орнату тәртібін реттейтін әдістемелік материалдар мен каталогтарды дайындау қарастырылған.

Осы жобалардың аяқталуына қарай, біз БАҚ-тардың қатысуымен Сарапшылық кеңестің қоғамдық отырысын өткізуді және сарапшылар жұмысының нәтижесін ұсынуды жоспарлаудамыз.

Осылайша, реформа барысында енгізілген жаңалықтар қоғамдық әлеуетті белсендіруге және маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге қоғамның қатысуы механизмдерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді.

- Қуаныш Жұмабекұлы, қызықты және жан-жақты әңгімеңіз үшін рахмет! Қоғам және ҮЕҰ-мен өзара іс-әрекеттерді дамыту тақырыбы азаматтарды көбірек қызықтыратын мәселе қатарында болғандықтан Сіз бен біз осы маңызды бағыттарды талқылауды болашақта да жалғастырамыз деген сенімдемін. 

http://www.inform.kz/kaz/article/2925370

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

20.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
18.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа колледж оқытушыларының өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
15.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа балалар бақшалары қызметкерлерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.