ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ҮЛГІСІ

 

Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына енді «Болашақ» қауымдастығы да өз үлесін қоспақ. Осы мақсатта қолынан іс келетін әрі бизнесін енді ашқан кәсіпкерлердің басын қосқан ұйым өкілдері әлеуметтік кәсіпкерлік турасында келелі ой қозғады. Арнайы Мәскеуден келген маман Салтанат Мұрзалинова жиналғандарға өз ісін қалай бастаудың қыр-сырын түсіндірді. Қазір әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артып келеді. Әсіресе шетелде «Болашақ» бағдарламасымен білім алған жастардың дені өз бизнесін бастап, халықты жұмысқа тартуда да белсенділік танытып жүр.

Ал жиынға қатысушы Мырзантай Жақыптың әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысып, педагогтарды қайта оқыту орталығын ашқанына 10 жылдан асыпты. «Әлеуметтік кәсіпкерліктің тамырына қан жүгірту үшін әуелі оның көзін таба білу керек. Содан соң халықты да осыған оқытып, даярлау қажет», - дейді кәсіпкер.

Мырзантай Жақып, конференцияға қатысушы:

- Әлеуметтік кәсіпкерлік деген мәселе сол коммерциялық ұйымдардың өзі кәсіпкерлікпен тікелей айналысып, өзін-өзі қаржыландыруға әрі қамтамасыз етуге арналған. Негізгі мақсаты – осы.

 

Республикалық 24 KZ телеарнасынан 2014 жылдың 22 қазаны күні көрсетілген жоғарыдағы бейнеақпаратты Интернеттегі мына мекен-жай бойынша қайталап көре аласыздар:

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/31387-damu-lgisi

 

www.24.kz

Жаңалықтар

07.10.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің http://www.akorda.kz/kz ресми сайтында жарияланған Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауының «III. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» атты бөлімінің Екінші тармағында: «Еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажет», - деп жазылған.
07.10.2018
В Послании Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 5 октября 2018 г. «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни», опубликованном на официальном сайте Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz/ru/, в разделе «III. Создание комфортной среды проживания», написано следующее: «Второе. Нужно обеспечить внедрение новых подходов к территориальному развитию страны».
04.10.2018
Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің және Түркістан облыстық әкімдігінің келісімі бойынша 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізудің Халықаралық күніне орай «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің бастамасымен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының студент және жұмысшы жастарымен, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілерімен бірнеше кездесу өткіздік.