«ЯСАУИ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТКЕ ГРАНТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ

Өткен аптада, 13 наурыз күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық университеті Мәдениет орталығының үлкен залында II Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Қазақстанның 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 550-ге жуық оқушы 11 пән бойынша қатысты. Білім сайысының I кезеңіүстіміздегі жылдың 5-6 ақпанында еліміздің облыс орталықтарында онлайн түрінде өткізілген болатын.

Салтанатты кеште университет президенті, профессор У.Әбдібеков, бірінші вице-президент, професор М.Куталмыш мырзалар құттықтау сөздерімен ыстық тілектерін білдірді.

Жоғары оқу орнының президенті У.Әбдібеков: «Құрметті жас түлектер, ата-аналар, қонақтар! Жалпы олимпиадаға 4700-ден аса оқушықатысты. II турғаөткен 550 оқушының 33-і грант иегеріатанды. Жеңімпаздар стипендиямен және жатақханаменқамтылады. Қалған 517 оқушы сертификат алады. Сіздер үміттеріңізді үзбеңіздер. Өйткені ҰБТ тапсырған соң, 13-25 тамыз аралығында құжат тапсырып, Түркия мемлекеті бөліп отырған 500 білім грантын иелену үшін ұйымдастырылатын конкурсқа қатыса аласыздар.

Сонымен бірге Түркия грантына ілікпегендерге арналған көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Жыл сайын 500 студентті «Мәулана» бағдарламасы бойынша Түркияға Iсеместрде оқуға жібереміз. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Біздің студенттер қатарынан көрінуге тілектестік білдіре отырып, зор ықыласпен оқуға шақырамын!»-деп, толқып отырған жастардың көңіліне қуаныш сыйлады.

Сондай-ақ, жоғары оқу орнының басшылары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің гранты негізінде білім алу үшін арнайы сертификаттарды жеңімпаздарға табыстады.

Іс-шара соңы «Продюсерлік орталық» ұйымдастырған университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады», -дегендей, оқу ордамызға ең білімді, үздік талапкерлер тартылды. Өздері таңдаған бейіндік пәннен кіл үздіктер топ жарды. Еліміздің сонау солтүстік, батыс және басқа да өңірлерінен келген мектеп оқушыларының университетке деген қызығушылықтары өте жоғары.

Университеттің Мәдениет орталығы фойесінде факультеттердің кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Барлық оқушыларға, жетекшілеріне, ата-аналарына университет қалашығында саяхат ұйымдастырылды. Жоғары оқу орнымыздың ғимараттарын аралап, мәре-сәре болған оқушылар қуаныштарын жасыра алмады.

Ақәділ АЛАЙДАРОВ,

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кәсіби бағдар бөлімінің маманы, заң ғылымдарының магистрі, Түркістан қаласы.

16 наурыз, 2015 жыл.

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kzИнтернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

21.02.2018
Иә, Оңтүстіктегі бес ауданның қайта қалпына келтірілуі – шын мәніндегі тарихи оқиға! Кеше, 2018 жылғы 20 ақпан күні өткізілген Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ХХ сессиясының шешімімен сонау 90-шы жылдардың соңында еліміздегі экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты Елбасымыздың 1997 жылғы 24 сәуiрдегi №3474 Жарлығымен таратылған Мақтаарал, Жетісай, Асықата, Сарыағаш және Келес аудандарының қайтадан қалпына келтіруі – шын мәніндегі айрықша тарихи оқиға!
19.02.2018
Қазіргі кезде қазақ қоғамында жүріп жатқан 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсының төңірегіндегі қызу пікірталастарға «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» басым бағыты бойынша ғылыми жоба ұсынған ғалым-әріптестеріміздің басым көпшілігі онша араласпай, үндемей, сырттай бақылап отыр.
15.02.2018
Кейінгі уақытта «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығына еліміз жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алып жатқан жас ізденушілерден көптеген сұрақтар келіп түсуде. Олар: «Біз мақалаларымызды міндетті түрде «ВАК» журналдарында жариялауға тиістіміз бе?» - деп сұрайды. Осыған орай, магистранттардың өтініштеріне жауап бергенді жөн көрдік.