ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛДЫҒЫН АРТТЫРУ КЕРЕК

Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың осы күнге дейінгі атқарған жұмысын бағалайтын кез жетті.

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Халықаралық ынтымақтастық және ТМД елдеріндегі ҮЕҰ қызметімен тәжірибе алмасу» атты халықаралық конференцияда Қазақстанның Азаматтық альянының президенті Нұрлан Ерімбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, ұйымдар көп жағдайда тек салтанатты жиындар өткізумен шектеледі.

«Мемлекеттен қаржылай қолдау жыл өткен сайын жақсарып келеді. Арнайы заң да қабылданды. Тиісінше ҮЕҰ-дың қарапайым халықпен арадағы байланысы ақсап жатыр. Сондықтан осыны ескеру керек», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Конференцияда 5 мемлекеттен келген әріптестер мен жергілікті жетекші ұйым басшылары өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдады. Осы саладағы кемшіліктерді бірлесіп шешу жағын қарастырды.

«Ұйымдар бірлесіп еңбек еткенде ғана нәтижеге қол жеткізуге болады», - дейді конференцияға қатысушылар.

Нұрлан Ерімбетов, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті:

- Тек қана шеру өтеді, ол «дөңгелек үстелмен» шектеледі. Қарапайым халықпен кімдер жұмыс істеп жатыр? Отбасын аралау, маскүнем мен мүгедектер ісімен кімдер айналысады? Міне, осы жағын жетілдіруіміз керек.

Мырзантай Жақып, конференцияға қатысушы:

- Жалпы конференциядан түйген ойымыз көп, алда осы бойынша жұмыс істейміз. Ол білім-ғылым саласы, әлеуметтік қызмет көрсету саласында ҮЕҰ атқарып жатқан жұмысы өте көп деп ойлаймын.

 

Республикалық 24 KZ телеарнасынан 2014 жылдың 17 қазаны күні көрсетілген жоғарыдағы бейнеақпаратты Интернеттегі мына мекен-жай бойынша қайталап көре аласыздар:

http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/30639-arttyru-kerek

www.24.kz

Жаңалықтар

22.11.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
20.11.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
17.11.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері бойынша «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӨЗІМЕН» атты ғылыми жұмыстар конкурсын ұйымдастыратыны туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.