ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 15 қаңтардағы №32 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №558 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 қазанда №14356 болып тіркелді) негізінде Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының «Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» атты 51-ші бабы, 3-ші тармағы, 6) тармақшасы бойынша педагог жұмыскер бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге міндетті.

Аталған Заңның осы бабының 2-ші тармағы, 6) және 7) тармақшаларына сәйкес педагог жұмыскердің бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға; санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығының 3-ші тармағына сәйкес «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 9 шілдедегі №447 бұйрығының күші жойылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген 4-қосымшаға («Білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар») сәйкес Деңгейлі біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының:

бірінші (ілгері) деңгейдегі;

екінші (негізгі) деңгейдегі;

үшінші (базалық) деңгейдегі мұғалімдеріне көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып, бірақ заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен асырылмай белгіленеді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі біліктілік емтиханын тапсырған мұғалімдерге сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін төленеді.

Сонымен бірге барлық аттестатталатын педагог қызметкерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» 28-ші тармағы бойынша педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына тиісті құжаттармен бірге біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде ұсынуы қажет.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің тікелей ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларына 2016 жылғы 19 шілдедегі №11-4/302 түсіндіру хатын жолдаған еді.

Министрлікке қарасты Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің жоғарыда аталған түсіндіру хатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес сараптау комиссиялары мен аттестаттау комиссияларының қарауына ұсынылатын меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарының құжаттары тең құқықта жарамды екені айтылған болатын.

Осыған байланысты «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлерге арналған педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын және Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді өткізеді.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 23 желтоқсанында мемлекеттік тіркеуден, 2010 жылдың 12 қарашасында мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілген (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №28373-1958-М-е, БСН 081240014093).

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткізілген Жарғысында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесіқосымша (білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру, мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру) білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-білім беру және оқыту-кеңес беру ұйымы екендігі, Мекеме қызметінің мақсаты – Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру болып табылатыны атап көрсетілген.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстары:

- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының»;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №370 бұйрығымен бекітілген «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларының»;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының»;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына толық сәйкес келеді.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарының мынадай білім беру бағдарламасын ұсынып отыр:

- Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №32 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №558 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 қазанда №14356 болып тіркелген).

Курстардың сипаты: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді курстар.

Курстардың білім беру бағдарламаларының мазмұны: білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру бағдарламалары.

Курстардың жүзеге асырылу сипаты: еңбек қызметінен қол үзбей (соның ішінде қашықтан оқу нысаны), сонымен бірге педагог кадрларының өздері жұмыс істейтін білім беру ұйымында немесе облыстар мен аудандардың орталықтарында өткізуге лайықталған.

Курстардың ұзақтығы:

1) қысқа мерзімді курстар – кемінде 36 академиялық сағат;

2) ұзақ мерзімді курстар – кемінде 108 академиялық сағат.

Курстардың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.

Курстарды өткізуші оқытушы-ғалым – Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің директоры Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (куәлік сериясы МК, №002022), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен (10.01.2014 ж. куәлік сериясы 6203, №0002310).

«Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №32 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №558 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 қазанда №14356 болып тіркелді) бекітілген «Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсындағы білім беру процесін реттейді және үш бағытты қамтиды:

1) басшының өзіндік дамуы және педагогикалық ұжымның дамуы;

2) мектепті дамыту;

3) әлеуметтік және кәсіби әріптестік.

Осы Бағдарламада жалпы білім беретін мектептер басшыларын даярлау және олардың білім беру ұйымдарының табыстылығы, өзгерістерді басқару туралы қазіргі түсінікке сай білім мен практикалық дағдыларды игеруі жөнінде толық мәлімет ұсынылған.

Осы Бағдарламаға қосымшаға сәйкес, оқу жоспарына сәйкес басшыларды оқыту курсы «Бетпе-бет» деген екі аудиториялық кезеңді және «Мектептегі тәжірибе» деген екі кезеңді қамтиды.

Бағдарламаның мақсаты: үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру практикалары негізінде жалпы білім беретін мектептер басшыларын кәсіби дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

1) заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру туралы түсінігін дамыту;

2) көшбасшылық, басқару, стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзыреттілік қалыптастыру;

3) өзінің қызметін және мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсарту бойынша дағдыларды, әдістерді, нысандар мен тәсілдерді үйрету;

4) кәсіби және әлеуметтік әріптестікті орнату, қоғамдастық құру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Оқу нәтижелері:

1) заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету туралы түсінеді;

2) басшыларда көшбасшылық және басқару, стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзыреттіліктері қалыптасады;

3) басшылар өзінің қызметін, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсартуға бағытталған дағдыларды, әдістерді, нысандар мен тәсілдерді түсінеді және қолдана біледі;

4) кәсіби және әлеуметтік әріптестікті орнату, қоғамдастық құру бойынша іскерлік пен дағдыларды меңгереді.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Жалпыбілімберетінмектептербасшыларыныңбіліктілігінарттырукурстарынан өткісі келетін педагог қызметкерлердің Астана қаласына және Орталықтың кеңсесіне арнайы келуінің қажеті жоқ.

Облыстық Білім басқармаларының, аудандық Білім бөлімдерінің немесе Жалпы білім беретін мектептердің басшылары немесе басқа да жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өткісі келетін Жалпыбілімберетінмектептербасшыларының саны, олардың аты-жөндері, білім беру ұйымының мекен-жайы мен байланыс телефондары жазылған тізімді қоса тіркей отырып, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Интернеттегі мына электрондық поштасына арнайы сұраныс хат жіберуі тиіс: info@zertteushi.kz

Осы сұраныс хатты алған соң біз тиісті Облыстық Білім басқармаларының, аудандық Білім бөлімдерінің немесе Жалпы білім беретін мектептердің басшылығымен хабарласып, біліктілікті арттыру курстарын өткізетін уақытты және орынды анықтап, белгілейміз.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Жалпы білім беретін мектептердің басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстары екі жақты келісілген уақытта, тапсырыс беріп отырған тиісті білім беру ұйымы белгілеген орында ұйымдастырылады.

Курстар екі кезең бойынша өткізіледі:

- Бірінші кезеңде курстарды өткізуші оқытушы-ғалым кіріспе дәріс оқиды. Бұл кіріспе дәріске білім беру ұйымының кез-келген педагог қызметкері қатыса алады. Кіріспе дәріске қатысу – тегін.

- Екінші кезеңде курс тыңдаушыларына тиісті білім беру бағдарламалары бойынша тереңдетілген дәрістер ұсынылады. Курстың бұл кезеңіне Жалпы білім беретін мектептер басшыларыөзінің негізгі еңбек қызметінен қол үзбей (соның ішінде қашықтан оқу нысаны) арқылы қатыса алады.

Курстар аяқталған соң тыңдаушылар:

- Жүргізілген сабақтар негізінде дайындалған жобасын қорғайды және оны курстарды өткізуші оқытушы-ғалымның атына Интернеттегі электрондық пошта арқылы жолдайды;

- Жазбаша жұмыс түріндегі біліктілік емтиханын тапсырады.

Білім беру бағдарламасы бойынша курстардан өткен, қорытынды бағалауды сәтті тапсырған және тиісті төлем ақысын аударған тыңдаушыларға:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының» «Тыңдаушыларды қорытынды бағалау және сертификаттау» атты 4-ші бөлімінің 38-ші тармағында көрсетілген тәртіппен біліктілікті арттыру курсының тақырыбына сәйкес белгіленген үлгіде «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Сертификаты беріледі;

- Тыңдаушылардың біліктілікті арттыру курсының тақырыбы бойынша дайындалған жазбаша жұмысы сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің «Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований», «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» және «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналдарының бірінде жарияланады;

- Тыңдаушылардың сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, жоғарыда атап көрсетілген ғылыми журналдардың бірінде жарияланған, біліктілікті арттыру курсының тақырыбы бойынша дайындаған жазбаша жұмыстарының электрондық нұсқасы zertteushi.kz Интернет-ресурсына орналастырылады;

- Таңдаулы жазбаша жұмыстарын дайындаған тыңдаушыларға «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Мадақтамалары тапсырылады;

- Тыңдаушыларға білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының тақырыбына сәйкес тиісті әдістемелік оқу құралдары беріледі.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Сертификаты берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы жарамды.

Аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» 28-ші және 30-шы тармақтары бойынша педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына өзінің тиісті құжаттарымен бірге «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Сертификатының көшірмесін міндетті түрде, сонымен бірге жоғарыда аталған ғылыми журналдарда жариялаған жұмыстары мен Мадақтамалардың көшірмелерін қоса ұсынуы қажет.

Курстарға тапсырыс берушілер мен «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі арасында біліктілікті арттыру бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасалады.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарын қаржыландыру заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша тыңдаушыны оқыту, тағылымдаманы ұйымдастыру үшін алынатын қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №370 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда №8829 тіркелген) «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларының» 8-ші тармағына сәйкес «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстары ақылы негiзде жүзеге асырылады.

Ақылы негiздегі оқу құнын «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің өзі дербес анықтайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарынан өткісі келетін тыңдаушылар арнайы төлем ақысын төлейді.

Жалпыбілімберетінмектептербасшыларыныңбіліктілігін арттыру курстарынан өту үшін төленетін төлем ақысының мөлшері: бір тыңдаушы үшін – 25500 (жиырма бес мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі,

БСН 081240014093, «Казкоммерцбанк» АҚ,

есепшот номері KZ47 9261 5011 5395 6000,

БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 861, «Білім беру қызметі».

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

E-mail: info@zertteushi.kz

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Сіздерге ғылыми-әдістемелік көмек беруге әрқашан да дайын!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

29.06.2017
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2017 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
26.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
21.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.