"Журналист болғым келеді"

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

Шығармалар конкурсының мақсат-міндеттері:

- «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша жоғары оқу орындарына түскісі келетін колледждердің және мектептердің бітірушілеріне кәсіптік бағдар беру;

- Жоғары оқу орындары оқытушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз етуге; азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыруға; қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыруға ықпал ету;

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;

- Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасынан «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша бейімді дарынды жас өрендерді анықтап, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің қабілетті шәкірттермен жүргізілетін жұмысты жандандыруына ғылыми-әдістемелік ақыл-кеңес беру;

- «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобын таңдаған колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасындағы кәсіптік бағыт-бағдар жұмыстарын жүргізу;

- Талапты жас өрендердің өз шығармаларын мерзімді баспасөз беттерінде жиі жариялап тұруына көмектесу.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Шығарма жоғары оқу орны мен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының өзі жазған, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Жоғары оқу орны мен колледж студенті немесе мектеп оқушысы өз шығармасында «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 5 беттен аспайтын мақала мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Шығарманың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Шығарманың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, жоғары оқу орнының, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі керек.

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілген «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17171-СИ куәлігі берілген «maqtaaral-bilim.kz» балаларға арналған ғылыми желілік басылымында жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында жарияланған авторларға Дипломдар тапсырылады.

«Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша жоғары оқу орнына түскісі келетін мектеп бітірушілеріне олар Ұлттық біріңғай тестілеуден өткеннен кейін шығармашылық емтихандар тапсыру үшін жоғары оқу орындарына «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы тарапынан арнайы жолдама беріледі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін шығармалар конкурстарын ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі, БСН 081240014093, ағымдағы есепшот KZ29 6017 1110 0002 3131, БИК HSBKKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 890, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ, «Ғылыми жұмыс жариялау үшін жарна».

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады: E-mail: info@zertteushi.kz

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хабарласу үшін:

+77013971713, +77071105027, +77021059753.

Ескерту:

Құрметті «Журналист болғым келеді» конкурсына қатысушы студенттер мен оқушылар және олардың жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жұмыстарды көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарын жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

07.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
04.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары (балалар бақшалары), орта білім беру ұйымдары (мектептер), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (университеттер) педагог қызметкерлері арасында мектеп оқушыларына арналған «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын (одан әрі – Білім беру бағдарламасы) әзірлеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
28.10.2019
Мырзашөл өңірінде балалар және білім беру саласындағы заң жобалары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік