«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 2008 жылғы 23 желтоқсанда құрылған.

ZERTTEUSHI.KZ ғылыми басылымы

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының құрылтайшылығымен шығарылатын ZERTTEUSHI.KZ ғылыми желілік басылымының негізі 2006 жылдың мамыр айында қаланған.

2006-2018 жылдары «Зерттеуші», «Ғылыми зерттеулер әлемі», «Ғылым және білім ғасыры», «Зерттеулер әлемі», «Жас ғалымдар жаршысы», «Жас зерттеуші», «Елорда ғылыми хабаршысы» және «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы» ғылыми журналдары жарық көріп тұрды.

2010-2012 жылдары «Зерттеуші» және «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы» ғылыми журналдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне» енгізілді.

Жоғарыда аталған ғылыми журналдар біріктіріліп, ZERTTEUSHI.KZ ғылыми желілік басылымы болып қайта құрылды.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ZERTTEUSHI.KZ ғылыми желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінде есепке қойылып, мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы 15.06.2018 ж. №17170-СИ куәлігі берілген.

Меншік иесі «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында баспа ретінде тіркелген. Халықаралық тіркеу коды 978-601-7440, сертификат №278, 28.03.2013 ж.

ZERTTEUSHI.KZ ғылыми желілік басылымының негізгі тақырыптық бағыты: мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне, магистранттарына, студенттеріне және оқушыларына арналған ғылыми басылым.
Шығарылым

»
Біз туралы

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 2008 жылғы 23 желтоқсанда құрылған.

Ғылым және білім саласында 15 жылдық қызметтік тәжірибесі бар «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы – қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын, білім саласындағы ақпаратқа қол жеткізу, педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіптік оқытуға бағытталған заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес беру, редакциялық-баспа ұйымы.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде ресми тіркеуден өткен, ғалымдарға, магистрлер мен магистранттарға, педагогтерге, студенттер мен оқушыларға арналған бірнеше ғылыми журналдар шығарамыз.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша 2019 жылы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты мемлекеттік грант бойынша жұмыстар атқардық.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырып жатырмыз.


»

Барлық жаңалықтар

Made on
Tilda